Әйел 30 жастағы күйеуі әлі күнге дейін әпкесімен душқа бірге түсетінін айтып, елді шошытты

Әйел 30 жастағы күйеуі әлі күнге дейін әпкесімен душқа бірге түсетінін айтып, елді шошытты
16.08.2025 10:19
0
1307
Depositphotos

Малайзиялық әйел күйеуінің әпкесімен ерекше қарым-қатынасы туралы айтып, әлеуметтік желілерде қызу пікірталас туғызды. Бұл туралы Mustsharenews басылымы хабарлады.

Әйелдің айтуынша, олар үш жылдан бері отбасылы. Ол күйеуінің әпкесімен өте жақын екенін бұрыннан білсе де, қарым-қатынастарының осыншалықты шектен шыққанын елестете алмаған.

Оқиға қайын жұрттың үйіне қонаққа барған кезде болған. Күйеуінің әпкесі Австралиядан оралған сәт еді. Әйел бастапқыда күйеуінің душқа кеткеніне мән бермеген, бірақ кейін оны әпкесімен бірге ванна бөлмесінен шыққанын көріп, шок жағдайында қалған.

Ол бұл жағдайға қатысты туыстарының көзінше дау шығарғысы келмегенімен, кейін жеке сөйлесу барысында күйеуінен түсініктеме сұраған. Күйеуі бұл әрекетті қалыпты деп есептейтінін айтып, олар балалық шақтан бері бірге жуына беретініне "үйреніп қалғандарын" жеткізген. Тіпті, келіншегіне: «Әпкеммен жақынырақ таныс болу үшін бірге жуынуға болады» деген ұсыныс та білдірген.

Бұл оқиға әйелге үлкен әсер етіп, олардың екі айдан кейін күйеуінің әпкесі тұратын Австралияға бірге бару жоспарын қайта қарауға себеп болған. Ол күйеуінің бұл жағдайдан ешқандай оғаштық көрмейтінін, керісінше, өзін «тым шектеулі ойлайтын адам» деп сынағанын айтты.

Әйел бұл жағдайды әлеуметтік желіде бөліскеннен кейін, қолданушылардың басым бөлігі ағайынды екеуінің әрекетін «қабылдауға келмейтін» әрі «шок тудыратын» деп бағалады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий