Әйел ер адамнан бір саты төмен тұру керек деп ойладым - танымал блогер
Танымал блогер, актриса Дана Есеева бір кездері әйел ер адамнан бір саты төмен тұру керек деп санағанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол алдымен күйеуі Мейіржан Төребаевтың басына туған күнді есіне алды.
"Негізі расында түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды. Адам ол жақтан не жақсы жаққа, не жаман жаққа өзгеріп шығады. Мейіржанның басынан өткен дүние ол үшін тәжірибе болды деп ойлаймын. Ол жақсы жаққа өзгерген. Біз көп әңгімелесеміз, көрісеміз. Мен Мейіржанға қарап, менімен күніне 12 сағат сөйлесе алатын адамды көремін, ол барлық затқа соншалық тереңінен қарайтын болған. Яғни бұл тәжірибе оған жақсы көмектесті", - деді ол.
Актриса осы жағдайдан кейін өмірге деген көзқарасы біршама өзгергенін жасырмады.
"5 жыл бұрын берген сұхбаттың бірінде, мен әйел күйеуінен бір саты төмен тұруы қажет деп айтқанмын. Мен Мейіржанды үнемі алға шығаруға тырысатын едім. Әрине, мен оның жанындамын, бірақ мен күйеуімнің алдында болмауым керек деп ойлайтынмын. Менде үнемі осындай бір қорқыныш болды. Мен жоғары энергиямен туған адаммын, сондықтан мұны көрсетуден қорқып, балансты ұстап тұруға тырыстым. Дегенмен өмірімде ауыр кезең басталды. Маған күйеуімнің алдына шығу керек болды. Сөздің өте күшті энергиясы бар. Адам бір нәрсені сенімділікпен айтқан кезде, ол құдай үшін де шешіп тұр деген сөз. Яғни мен күйеуімнің артында жүруім керек деп санадым, бұл туралы айттым, ал құдай бәрін өзгертіп, алдыма басқа дүние әкелді", - деді ол.
Еске салайық, Алматыда Mudarabah Capital қаржылық пирамидасына қатысы бар 12 адам сотталған болатын. Олардың қатарында танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов та бар.
Төребаев пен Шерниязовтан басқа сотталушылардың барлығы дерлік Қылмыстық кодекстің 262-бабы бойынша ("Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу") кінәлі деп танылған еді.
Сот үкімі бойынша Мейірхан Шерниязов бір бап бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға, Мейіржан Төребаев та тек бір бап бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға сотталған болатын.
Кейінірек танымал вайнер және блогер Мейіржан Төребаев тергеу изоляторынан босатылып, үйқамаққа алынған болатын. Мұндай қаулыны Mudarabah Capital қаржы пирамидасы ісінің судьясы шығарды. Артынша сот Төребаевтың тергеу изоляторынан босатылып, үйқамаққа алыну себебін түсіндірді. Ресми мәлімет бойынша, сот адвокаттың Мейіржан Төребаевтың кәмелетке толмаған бес баласының болуына байланысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішін қанағаттандырған.
Ақпарат Massaget.kz сайтынан алынды