Әйел үш күндік сәбиін теңізге лақтырып жіберді

26.11.2025 • 12:19 Мөлдір ҚАЙНАР
Әйел үш күндік сәбиін теңізге лақтырып жіберді
1311
Фото: ашық дереккөз

Бакуде үш күндік сәбиін теңізге лақтырған әйел ұсталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Алдын ала ақпарат бойынша, күдікті алты ай бұрын  ажырасып кеткен. Ол жүктілігін айналасындағылардан арнайы корсет киіп жасырып жүрген. Бұрынғы күйеуі екі жылдан бері онымен қарым-қатынаста болмағанын айтып, нәрестеге қатысты әкелік анықтаманы тексеру үшін ДНҚ сараптамасын талап еткен.

ДНҚ талдауы туралы талап қойылғаннан кейін әйел сәбиді Түркян елді мекені жағалауына апарып, суға тастағаны анықталды. Алғашында ол нәрестенің өлі туғанын айтқан, кейін баланы бейтаныс адамға «саттым» деп түсіндірген, бірақ бұл ақпарат та жалған болып шықты.

Полиция қызметкерлері баланы 10 күннен астам уақыт іздеді. Тергеу нәтижесінде күдікті өз әрекетін мойындаған.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сәбидің денесін іздеу жұмыстары жалғасуда.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий