Әйелдерінің бірін ерткен Бекболат Тілеуханның видеосы жұртты ызаландырды
1290
Әлеуметтік желілерде діндар ретінде танылған бұрынғы шенеунік Бекболат Тілеуханның қатар жүрген әйелдерінің бірімен кинотеатрға кіріп бара жатқан сәті түсірілген видео кең таралып, көпшілік арасында үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
TikTok-та тез тараған бұл кадрлар жұртшылықтың қызу талқысына себеп болып, көпшілік оның әрекетін сынға алды.
Пікір қалдырғандар «қай тоқалын ертіп алған?», «харам дейді де, өзі киноға барады», «біреуге харам, өзіне халал», «осыны көрсем, Қаңтар қасіреті еске түседі», «Қаңтарда қашып кеткен еді, енді қайдан пайда болды?» деп наразылық білдірді.
Видео астында жиналған пікірлердің ішінде «Өзіңнің қызың да біреуге тоқал болуы мүмкін, мақтанарлық дүние емес, жасағаның өзіңе қайтады», «осы не бітірді, әйел алудан басқа, халыққа қажет кезде қашып кетеді», «мұны Қазақстанға жолатпау керек» деген сияқты қатаң реакциялар да жиі жазылды.
Соңғы жаңалықтар
29.08.2026
10:51
Өмір бойғы жазасы өзгере ме? Шерхан Аймахан ісі...
29.08.2026
09:58
Непалдағы жойқын тасқын: Қазақстанның тағы бір ...
29.08.2026
09:15
Тоқаев ядролық қаруға қатысты маңызды мәлімдеме...
28.08.2026
23:19
«Сұлудың жоқ дегенін сыйла»: Әділет Жауғашар да...
28.08.2026
22:22
Непалдағы жойқын тасқынның салдары ауыр: 550-де...
28.08.2026
21:30
«Сарбаздың құны 100 мың теңге ме?»: Алматыда бұ...