Әйелін 10 жылдан аса ұрып-соғып келген қазақстандық дипломат 7 жылға сотталмақ

Әйелін 10 жылдан аса ұрып-соғып келген қазақстандық дипломат 7 жылға сотталмақ
06.03.2025 12:11
0
69
informburo.kz

Әйелі Карина Мамашты азаптаған бұрынғы дипломат 7 жылға сотталуы мүмкін.

Карина Мамаштың адвокаты Бибінұр Мұратованың айтуынша, күйеуінен 10 жылдан аса қорлық көрген екі баланың анасының ісі сотқа жіберілді. 

“Тергеу толығымен аяқталды. Енді экс-дипломат Қылмыстық кодекстің 100-бабы (Азаптау) бабы бойынша сот алдында жауап береді”, – дейді адвокат. 

Айта кетейік, бұл бап бойынша күдікті енді 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін дипломаттың әйелі Карина Мамаш 5 мамырда Сәкен Мамаш үйіне қонаққа келген әпкесі мен оны ұрып-соққанын айтқан еді. Осыдан кейін сыртқы істер министрлігі Біріккен араб әмірліктері дипломатын тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген айыппен Қазақстанға шақырып алды. 9 мамырда әйел Астанаға оралды. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий