Айнұр Тұрсынбаева Ыстамбұлдағы жер сілкінісі кезіндегі сәтті жариялады

Түркияда тұрып жатқан белгілі айтыскер ақын әрі психолог-коуч Айнұр Тұрсынбаева Ыстамбұл қаласында болған жер сілкінісі кезінде дүкенде жүрген сәтін әлеуметтік желі арқылы бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ақынның айтуынша, жер сілкінісі кезінде дүкен ішіндегі заттар шайқалып, халық қатты дүрліккен.
«Дүкенде жүр едік. Іші шайқалып кетті. Бәріміз далаға атып шықтық. Алла сақтасын! Ыстамбұлда жер сілкінісі болады деп жүрген. Осымен бәрі бітсе екен. Бәрі бала-шағамен далада босып жүр. Қайбір жылы 50 мың адамның өмірін қиған жер сілкінісі болып еді. Қаншама халық қырылып қалды. Адамдар паника болып жатыр. Халық қатты қорқып қалған», – деді ол.
Еске салайық, Түркияның денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, магнитудасы 6,2 баллды құраған жер сілкінісінен 236 адам зардап шеккен. Жер сілкінісі кезінде үрейге бой алдырған кейбір азаматтар биіктіктен секіріп, жарақат алған. Алайда қазіргі уақытта олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Барлығына дер кезінде медициналық көмек көрсетілді.
Министрлік әзірге қаза тапқандар туралы ресми мәлімет таратқан жоқ.
Соңғы жаңалықтар





