Айзат Жұманованың өлімі бойынша іс: үкім өзгеріссіз қалды

26.02.2026 10:01 Мөлдір Талғат
Айзат Жұманованың өлімі бойынша іс: үкім өзгеріссіз қалды
73
Фото: видеодан скриншот

Талдықорғанда Айзат Жұманованың өліміне қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша апелляциялық сот соңғы шешімін шығарды, деп хабарлайды  Politico.kz.

Сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты айыпталушы Айбар Жанболаттың әрекетін Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша қайта саралауды талап етті.

Ал айыпталушының қорғаушысы жазаны жеңілдетуді сұрап, әрекетті жеңілірек бапқа ауыстыруды өтінді.

«Менің қорғаудағы азаматымның әрекеттерін жеңілірек бапқа, Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігіне қайта саралап, жаза тағайындауды сұраймын. Айыпталушының адам өлтіру ниеті болмағандықтан, өлім абайсызда орын алған», – деді адвокат Жанат Сарқытов.

Алайда сот төрағасы Айдын Жұрханов апелляциялық сатыда істі қосымша тергеуге қайтару қарастырылмайтынын атап өтті.

«Апелляциялық сот істі көрсетілген бап шеңберінде қарайды. Істің материалдары “Адам өлтіру” бабына толық сәйкес келеді», – деді сот төрағасы.

Сот мәліметінше, аталған бап бойынша 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Айыпталушының бұрын сотталмағаны ескеріліп, оған 14 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий