Айзаттың азапты өлімі: прокурор күдіктіге 15 жыл түрме жазасын сұрады

08.01.2026 12:16 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Айзаттың азапты өлімі: прокурор күдіктіге 15 жыл түрме жазасын сұрады
0
424
Фото: марқұмның туыстарынан

Талдықорғанда әйелін атқа сүйреп өлтірді деп айыпталған Айбар Жанболатқа қатысты сот процесінде мемлекеттік айыптаушы 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, деп хабарлайды  politico.kz.

Іс материалдарына сәйкес, бастапқыда оқиға «абайсызда адам өліміне әкелу» бабы бойынша тіркелген. Алайда марқұмның туыстарының талабы бойынша эксгумация жүргізіліп, қосымша сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Сараптама қорытындылары негізінде қылмыстық іс «адам өлтіру» бабы бойынша қайта сараланған.

Тергеу деректеріне сүйенсек, марқұмға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық бір реттік емес, ұзақ уақыт бойы жүйелі түрде жасалған. Бұл жағдай іс материалдарындағы қосымша дәлелдермен расталғаны айтылды.

Прокурор соттағы сөзінде аталған қылмыс үшін заңда көзделген ең қатаң жаза — 15 жыл бас бостандығынан айыру екенін атап өтіп, айыпталушыны қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесіне қамауды сұрады.

Қазіргі уақытта сот отырыстары жалғасып жатыр. Іс бойынша түпкілікті үкім алдағы уақытта жарияланбақ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий