ҚАЗАҚСТАН МЕН ЕУРООДАҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
08.03.2024
09:39
0
304
Брюссельде Қазақстан мен Еуропалық Одақтың тұрақты шикізат саласындағы ынтымақтастығының мерейтойы атап өтілді. Жоғары деңгейдегі конференцияға Президенттің энергетика мәселелері бойынша кеңесшісі Болат Ақшолақов қатысты.
Сондай-ақ, еуропалық институттардың басшылары, іскерлік қауымдастықтың өкілдері жиналды. Қазақстан мен ЕуроОдақтың «Жасыл» экономика саласындағы әріптестігі климаттық бейтараптыққа көшуге, цифрлық инновацияларды дамытуға және өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының Энергетика мәселелері бойынша кеңесшісі Болат Ақшолақов жиында ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқтала келе осылай деп атап өтті.
Люк Девинь, Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша ЕСІӨ атқарушы директорының орынбасары: - Қазақстан пайдалы қазбаларға бай ел. Бұл көлік және аэроғарыш өнеркәсібін, хайтек саласын дамытуда аса маңызды. Осыдан 2 жыл бұрын Қазақстан мен ЕуроОдақ жасыл сутек және шикізат саласындағы стратегиялық әріптестік туралы меморандумға қол қойды.
Қазақстан көптеген инвестициялық мүмкіндіктер ұсынып отыр. Еуропалық Одақ - Қазақстанның ең ірі инвесторы және маңызды сауда серіктесі. Еліміздің сыртқы саудасының үштен бір бөлігі ортақ аймақ еншісінде. Көлік саласындағы екіжақты ынтымақтастық та жыл сайын нығайып келеді.
Биыл қаңтарда Брюссельде ең ірі инвестициялық конференция өтіп, бірқатар құжатқа қол қойылды. Люк Девинь, Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша ЕСІӨ атқарушы директорының орынбасары: - Біз тек экономикалық ынтымақтастықты ғана емес, сонымен бірге саяси қатынастарды да дамытуға көп көңіл бөліп келеміз.
Қазақстанның бизнес-ахуалды одан әрі жақсарту үшін қолға алып жатқан реформаларын қолдаймыз. Бұл елдің халықаралық аренадағы рөлін нығайтады. Екіжақты «кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісіміміз» 29 түрлі саланы қамтиды.
Тараптар алдағы Еуропалық Одақ-Орталық Азия саммитінде реттеуші саладағы ынтымақтастық бойынша ірі жобаларды талқылауды жоспарлап отыр. Олар кеден заңнамасының нақты бөлшектері, сауда тарифтері, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықты азайтуға ықпал ететін цифрландыру сияқты салаларды қамтитын болады.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
25.10.2025
22:15
Қазақстанда әйел құқығын қорғауға арналған жаңа...
25.10.2025
21:41
Қырғыз соты Екатерина Биволды сырттай қамауға алды
25.10.2025
17:32
Махаббат туралы жиі сөйлесеміз - Ләйлә Сұлтанқызы
25.10.2025
16:27
"Баласы үйден қуып шықты": Ақбота Керімбекова ...
25.10.2025
16:16
"Қырықта болған": мұғалім сабақ үстінде көз жұмды
25.10.2025
14:00
"Қаза тапқандар бар": Алматы облысында әкім тіз...