Қазақстан мен Сингапур арасында биотехнология мен медицина бойынша ықпалдасуға мол мүмкіндік бар
1072
Президент биотехнология және медицина салаларында ықпалдастық жасау үшін мол мүмкіндік бар деп санайды. Бұл пікірді Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды akorda.kz.
Президент цифрлық секторды өнімділік пен экономикалық өсімнің артуына әсер ететін тағы бір перспективті бағыт ретінде атады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Сингапур сияқты Еуразия құрлығында жетекші технологиялық және IT-хабқа айналуды көздейді. Нақтырақ айтқанда, еліміз жаңа әрі кешенді IT-жобалар, әсіресе жасанды интеллект саласында маңызды бастамалар жасау үшін R&D жобалар, стартаптар, білім секілді түрлі бағыт бойынша ауқымды ынтымақтастықты жолға қоюға мүдделі. Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестиция тарту ісіндегі артықшылықтарына назар аударды.– Біздің елдің фармацевтика саласы – өңірдегі ең қарқынды дамып келе жатқан нарықтардың бірі. Pfizer, Roche, GE Healthcare және Philips секілді әлемдік жетекші компаниялар дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтардың жергілікті өндірісін ашуды жоспарлап отыр. Біз бірлескен зерттеулерді, сондай-ақ дәрілер мен биопрепараттар өндірісін қаржыландыру үшін «Бәйтерек» ұлттық холдингі мен Forebright компаниясының инвестициялық қор құру жоспарын құптаймыз, – деді Мемлекет басшысы.
– Бүгінде АХҚО алаңында әлемнің 80 елінің екі мыңнан астам компаниясы жұмыс істейді. Олар Қазақстанға және бүкіл өңірге инвестиция тартуға ықпал етеді. Сингапурдың 30-дан астам компаниясы АХҚО-ның резиденті саналады. Келешекте олардың саны арта түседі деп сенемін. Қаржы орталығы Сингапурдың Ақша-кредит басқармасымен қаржы технологиясы, «жасыл қаржы» және ислам банкингі салаларындағы өзара тиімді серіктестікті дамыту үшін тығыз қарым-қатынас орнатқан. АХҚО-да Қазақстан-Сингапур тікелей инвестиция тарту қорының құрылуы екі елдегі бірлескен кәсіпорындарды қаржыландыру үшін оңтайлы алаң бола алады, – деді Президент.
Соңғы жаңалықтар
04.07.2026
17:25
Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Жүргізуші ...
04.07.2026
16:21
Respublica партиясында маңызды шешім: Айдарбек ...
04.07.2026
15:25
Екі тәулікте Қазақстаннан 3 тоннадан астам жана...
04.07.2026
14:09
«Өлтіремін деп қорқытқан»: Танымал қазақ боксшы...
04.07.2026
13:27
«Бірінші орынға шыққанда ғана…»: Бибісара Асауб...
04.07.2026
12:25
Қазақ журналистикасы қара жамылды: Белгілі қала...