Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы төмендеуде
249
Жыл басынан бері 21 мамырға дейін республикада әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының өсуі 0,2%-ға дейін баяулады. Өткен аптада көрсеткіш – 0,1% құрады.
Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қазіргі бағасы қатысты жағдай 25 мамыр, сенбі күні Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кезекті кеңесте қаралды.
Бір апта ішінде қырыққабат бірден 10,4%-ға арзандады, оған Түркістан облысында жаңа өнім алу әсер еткен. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова атап өткендей, қырыққабатты сатып алуға сауда желілері қосылды, ішкі нарық жаппай толығып жатыр.
Күнбағыс майы (-0,6%), қарақұмық жармасы (-0,4%), С1 санатындағы тауық жұмыртқасы (-1,4%) бағасының төмендеуі жалғасуда. Сонымен қатар «төмен бағалар» тобында сүзбе (-0,2%), тауық еті (-0,2%), айран майлылығы 2,5% (-0,4%), тұз (-0,1%) және 1 сұрыпты бидай ұны (-0,1%) бар.
Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан тұрақтандыру қорларындағы көкөніс қорларының көлемі бойынша деректер айтылды. Өңірлерге күзгі өнімді келесі маусымаралық кезеңге жеткізуге форвардтық шарттар жасасу бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды.
Серік Жұманғарин өңірлерге алдағы апта ішінде бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз етуді және қажетті көлемде жаңа өнім жеткізуді жеделдетуді тапсырды. Соңғы жаңалықтар
10.07.2026
11:35
Қазақ әндерін балағаттаған көкшетаулық әйел қам...
10.07.2026
11:26
«Жәбірленуші сөйлегенде мәз болды»: судья Сәрсе...
10.07.2026
11:10
Антальяда көз жұмған қазақстандықтың ісіне қаты...
10.07.2026
10:56
Қазақ әдебиеті қара жамылды
10.07.2026
10:38
Сарапшы: Парламент — жұлдыздар шеруін өткізетін...
10.07.2026
10:34
Меруерт Түсіпбаева бір ажалдан қалай аман қалға...