Азамат Сатыбалдының әйелі ешкім білмейтін құпияны айтып қойды
Танымал актер Азамат Сатыбалдының жұбайы, актриса әрі режиссер Назгүл Қарабалина күйеуінің еркелігі мен отбасындағы ерекше мінезі туралы әңгімелеп берді, деп жазады Politico.kz.
Журналист Айнұр Асанбердінің «Әңгіме бар» подкастында қонақ болған өнер иесі отбасы мүшелері түгелдей Азаматтың көңіл-күйіне бейімделіп алғанын атап өтті. Оның айтуынша, әулеттің кенжесі болғандықтан, актердің еркелігі басым. Актриса соның бір дәлелі ретінде көлік тұрағында болған қызықты оқиғаны еске алды:
«Ол қалада шаруаларымен жүр. Мен офисте жұмыстамын. Ол маған «Назгүл» деп айтпайды. «Назгүл» десе, бірдеңе болып қалғаны. Қоңырау шалып, «Назгүл» дегенде шошып кеттім. «Мен мына Есентай ситидемін. Мына шлагбаум неге ашылмайды?» — деп айғайға басты. Сосын мен: «Азем, Есентай сити болса, ол жерде Kaspi-дің емес, Халық банкінің терминалы тұр. Соған QR-мен төлейсің», — деп түсіндірдім. «Мен жүрейін сол, QR-ді тақап… Аш мынаны бірдеңе етіп», — деп ашу шақырды», — деді Назгүл Қарабалина.
Актрисаның сөзінше, бұған дейін үнемі жеке жүргізушімен жүрген актер сол күні рульге өзі отырған екен:
«Мен Халық банк қосымшасы арқылы төлеп, ашып бердім. Шлагбаумның ашылғанын сұрағанымда: «Иә, ашылды. Рахмет» деп өктем үнмен қысқа қайырды. Шлагбаумның ашылмағанына маған жүйкесі жұқарып отыр. Қасымдағылар түсінбей: «Не болып жатыр?» деп сұрайды. «Солай енді, не істеймін» дедім», — деп күлді өнер иесі.
Назгүл Қарабалина жұбайының мұндай еркеліктері өзіне ұнайтынын, егер ұнамаса, бүгінде бірге шаңырақ көтеріп отырмас едік деп түйіндеді.
Соңғы жаңалықтар