Азаптау ісі бойынша күдікті Олеся Кексель әуежайда не істеп жүр – Бас прокуратура түсініктеме берді
Бас прокуратура атышулы іс бойынша үйқамақта отырған Олеся Кексельдің әйежайда жүргені туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде Кексельдің әуежайда түскен суреті тараған еді. Жазба авторлары атышулы істің фигуранты тергеу жүріп жатқан кезде қалалар арасында еркін жүргеніне наразылық білдірген.
Бас прокуратураның мәліметінше, ол 20 ақпан мен 23 сәуір аралығында тергеу амалдарына қатысу үшін Алматыда ресми түрде болған. Қажетті процедуралар аяқталғаннан кейін ол Астанаға қайтып барған және қазір үйқамақта екені айтылды.
Еске сала кетейік, Олеся Кексель азаптау ісіне қатысы бар деген күдікке ілінген. Бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев қыркүйекте Кексельге бұлтартпау шарасын таңдау кезінде оның кішкентай баласы бар екені ескерілгенін айтқан еді.
Олеся Кексель – құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері. Ол әр жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Тергеу департаменті басшысының орынбасары болды және Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметін басқарды. 2017 жылы ол «Жылдың мемлекеттік қызметшісі» атағына ие болған.
Кексель атышулы істерді, оның ішінде бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов пен бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеуді қадағалады.
Соңғы жаңалықтар