"Маған сендей ана берген Аллаға шүкір": Мақпал Жүнісованың қызы ерекше тілек айтты

12.01.2026 11:38 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
448
Фото: ашық дереккөз

Халық әртісі, танымал әнші Мақпал Жүнісова туған күнін жақындарының ортасында атап өтті, деп хабарлайды Politico.kz

Мерекелік кеште әншінің қызы Мерей Заманбекқызы анасына гүл шоғын ұсынып, жүрекжарды тілегін арнады. Анасына деген шексіз махаббатын білдірген Мерейдің сөздері көпшіліктің көңілін толқытты.

«Жаным, мамам, әрдайым сенің жаныңдамын. Сен де менің қасымда бола берші. Ертең, Алла қаласа, мен де тұрмысқа шығып, бала сүйсем, соның бәріне куә болып жүр. Немереңді құшағыңа алып, қасында әдемі әжесі болып жүрсең – мен үшін ең үлкен бақыт сол. Сені қатты жақсы көремін. Маған сендей ана берген Аллаға мың алғыс», – деді ол.

Желі қолданушылары Мерейдің анасына деген құрметі мен тәрбиесіне тәнті болып, жылы пікірлерін жарыса жазды.

«Мерейдің тілегі қабыл болсын», «Алла армандарыңды орындасын», «Ана мен қыздың арасындағы байланыс қандай керемет», – деп жазды оқырмандар.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий