"Әжесі мен әкесі рұқсатын берген": Түркістан облысында қыз алып қашқан жігіттің анасы шындықты айтты

21.01.2026 10:26 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
619
Фото: коллаж politico.kz

Шымкентті ғана емес, тұтас елді елең еткізген, тіпті Мемлекет басшысының да назарын аудартқан қыз алып қашу оқиғасына қатысты дау әлі де толастар емес, деп хабарлайды Politico.kz.

 Қоғамда үлкен резонанс тудырған іске байланысты Todayinfo.kz редакциясына қамауда отырған жігіттің анасы хабарласып, өз нұсқасын ұсынды.

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылында болған қыз алып қашу оқиғасы қызу талқыланған еді. Желіде тараған ақпаратта қыздың күштеп әкетіліп, зорлық көргені айтылған. Алайда жігіттің анасы бұл деректерді жоққа шығарып отыр.

Оның айтуынша, жастар бір-бірімен алдын ала кездесіп жүрген және қыз ауылға өз еркімен келген.

«Қыз үлкен әжесі мен әкесінің келісімімен келді. Біз қалыңмал ретінде 1,5 миллион теңге бердік. Артынан қыздың киім-кешегі де жеткізілді. Ешқандай шу, күш қолдану болған жоқ», – дейді күдіктінің анасы.

Сонымен қатар ол қыздың анасының да қамауға алынғанын айтып, бұл жағдайдың артында материалдық мүдде болуы мүмкін деген күдігін жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін 17 жастағы Шымкент тұрғыны өзін белгісіз жігіттің күштеп алып кетіп, Сарыағаш ауданындағы ауылға апарғанын және зорлық көрсеткенін мәлімдеген болатын. Аталған факті бойынша күдікті ұсталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 125-1-бабы («Некеге мәжбүрлеу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жалғасып жатыр. Құзырлы органдар тарапынан оқиғаға құқықтық баға берілуі тиіс.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий