Әжейдің қабырғасын сындырған полиция қызметкеріне қатысты тергеу басталды

Әжейдің қабырғасын сындырған полиция қызметкеріне қатысты тергеу басталды
04.10.2025 22:12
0
263
Фото: Алматы облысы Полиция департаменті

Алматы облысы полиция департаменті әжейге дөрекілік көрсеткен қызметкеріне қатысты тергеу тағайындады, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы.

Алматы облысында әжейді итеріп жіберген полиция қызметкерінің әрекетіне байланысты қызметтік тексеріс басталды. Бұл туралы әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін белгілі болды.

Полиция департаментінің хабарлауынша, олардың қызметкерлері сот орындаушыларымен және қадағалау органдарымен бірге соттың тұрғын үйден шығару туралы шешімін орындау үшін барған. Оқиға барысында әйел билік өкілдерінің заңды талаптарын орындамай, соның салдарынан жанжал туындаған.

Дегенмен, департамент полиция қызметкерінің дөрекілік танытқан әрекетін мүлдем жол берілмейтін жағдай деп бағалады. Осы оқиғаға байланысты қызметтік тергеу тағайындалып, кінәлілердің қатаң жауапкершілікке тартылатыны айтылды.

Бұл жағдайды Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев өз бақылауына алды. 

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде тараған видеода полиция қызметкерінің әжейді пәтерден күшпен шығарғаны көрсетілген. Жазба авторының айтуынша, соққы салдарынан әжей қабырғасын сындырып алған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий