Байден Зеленскийден кешірім сұрады
Bild мәліметінше, АҚШ президенті кеше, 8 маусымда Париждегі украин лидерімен кездесуде осындай мәлімдеме жасаған,-деп хабарлайды politico.kz.
Ақ үй басшысы АҚШ-тан қару-жарақ жеткізілімін бірнеше ай тоқтатқаны және одан әрі көмекке қатысты белгісіздік жағдайын жасағаны үшін кешірім сұрады. Джо Байденнің айтуынша, Киевке көмектесуді өте консерватив америкалық конгрессмендер ұзақ уақыт бойы бұғаттаған, бірақ қазір мәселе шешілді. Байден Зеленскийді Вашингтон Киевті "тастап кетпейді" деп сендірді. Байден сонымен қатар Украинаға 225 миллион долларға жаңа әскери көмек пакетін жариялады. Зеленский оған алғысын білдірді. Президентпен бірге Париждегі келіссөздерге АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен қорғаныс министрі Ллойд Остин қатысқан.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.11.2026
22:20
Шымкентте танысудан бас тартқан қыздарға тиісіп...
25.11.2026
21:18
Қазақстандық мұғалім Рамзан Қадыровтан оқушылар...
25.11.2026
20:20
«Екінші Шымкент, айнала толған мамбеттер»: Аста...
25.11.2026
19:15
Қарағандыда зейнеткерді автобустан қуған жүргіз...
25.11.2026
18:10
Атырауда есірткі ұрлады деп айыпталған бұрынғы ...
25.11.2026
17:50
Тоқаев Мәскеуге жұмыс сапарымен барды (ВИДЕО)