«Баланы осылай еркелету керек»: Сәкен Майғазиевтің ауылдағы жылы сәті жұртты елжіретті
738
Танымал әнші Сәкен Майғазиев ауылда жақындарының ортасында болған сәтін әлеуметтік желіде бөлісіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Видеода өнер иесі кішкентай балақаймен шынайы мейірімге толы қарым-қатынас жасап, оны жылы сөздерімен еркелетіп тұрғаны көрінеді, деп хабарлайды Politico.kz
Қарапайым ғана көрінетін бұл сәт желі қолданушыларының жүрегін жаулап алды. Көпшілік Сәкен Майғазиевтің балаға деген ілтипаты мен құрметін ерекше атап өтті.
«Баланы еркелетсе, Сәкен ағамыз сияқты еркелету керек», «Міне, баланы осылай сүйіп өсіру қажет» деген пікірлер қарша борады.
Оқырмандар әншінің мейірімді мінезіне тәнті болып, оның әр сөзінен жылылық сезілетінін жазды.
«Қандай әдемі еркелту», «Ағатайы жақсы еркелетеді», «Немере сүюге жазсын» деп ақ тілектерін жолдады.
Бұл видео көрерменге ата-ана мен үлкендердің балаға деген махаббатының қаншалықты маңызды екенін тағы бір еске салды. Шынайылық пен мейірімге толы осы бір сәт желіде ұзақ уақыт талқыланып, көпшілікке жылы әсер сыйлады.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...