"Баланың ең бірінші жауы – анасы": Айгүл Иманбаева ата-аналарға ескерту жасады

18.08.2026 15:24 Мөлдір ҚАЙНАР
73
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева ата-аналардың теріс ойлары мен шектен тыс уайымы баланың болашағына кері әсер ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Актрисаның пікірінше, ананың күнделікті бойын билейтін үрейі мен қаупі уақыт өте келе орындалуы мүмкін.

"Баланың ең бірінші жауы ол – туған анасы. "Ойбай балам ауырып қалмады ма, көлік қағып кетпеді ме, үйтіп қалмады ма, бүйтіп қалмады ма" деген өзінің ойында жүретін 1040 жаман ойларын ойлай-ойлай, баласы жайлы дәнек секілді ойын жерге себеді. Ол 5, 10, 20 жыл өткенде де себілген тұқым болып өсіп, жемісін береді. Балаға бірдеңе болған кезде ата-ана "мен білгенмін, сезгенмін" дейді. Жоқ, оны сіздің жүрегіңіз сезген жоқ. Ол ойды сіз 5-10 жыл бұрын септіңіз", – деді Айгүл Иманбаева.

Сонымен қатар өнер иесі балаға шектен тыс байланып қалмай, әркімнің өз өміріне де көңіл бөлгені дұрыс деп санайды.

"Ішіңдегі жақсы көретін баланың өзін орнымен, "Алланың аманаты ғой" деп қана жақсы көру керек. Қазақта "балам үшін Астанаға көштім, ауылдан Алматыға көштім, балам үшін" деп өмір сүріп жатыр. "Балам үшін" деген ұғым қорқынышты нәрсе. Сіз өзіңіз үшін өмір сүріңіз, сіз бүтін болсаңыз, рухыңызбен бірге гармонияда өмір сүрсеңіз, балаңыздың өмірі де, сізбен қарым-қатынасы да онсыз да гармонияда болады", – деді әнші.

Войдите, чтобы оставить комментарий