"Баласы аңырайды": Блогер Мөлдір Анарбаева кинотеатрға баласымен келетін аналарды сынап, жұртқа жақпай қалды

02.12.2025 10:18 Айсұлу Мұрат
0
27
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Мөлдір Анарбаева

Блогер Мөлдір Анарбаева кинотеатрға кішкентай балаларын ертіп келіп, жылап мазасын алатын аналарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Желіде жарияланған видеода ол киноға демалу үшін келетін көрермендердің тыныштығы бұзылатынын айтып, мұндай жағдайға жауапкершілікпен қарау керектігін ескертті. Оның айтуынша, көпшілік жиналатын орындарда ата-аналар тек өз баласының ғана емес, айналасындағы адамдардың да жайлылығын ойлауы қажет.

Блогер сондай-ақ кино залында тамақты даңғырлатып жейтін, шу шығарып, өзгелерге кедергі келтіретін адамдарды да сынға алды. Ол мәдени орындардағы тәртіп баршаға ортақ екенін, әрқайсысының жеке мәдениеті мен әдептілігі маңызды рөл атқаратынын айтты.

Мөлдір Анарбаеваның бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, бір бөлігі блогерді қолдаса, енді біреулері кинотеатрлар отбасылық демалыс орны екенін алға тартты.

"Кішкене балдары бар адам сендерге адам емес пе сонда? Тыныш жерде көргің келсе, вип кабинада отыр. Кто тебе мешает?", "Мәәә, тура осы ғой. Мәдениет жоқ. Киноға келгеніңе өкінесін", "Бүгін 2 баламды алып, киноға бармасам, елдің мазасын алайын біраз. А то еркінсіп кетіпті жұртшылыққа шығып", "Баламен барамыз, қалдыратын ешкім болмаған соң", "Ештеңе түсінбейтін, тәрбиеге мұқтаж балдарын көтеріп алады да, кинода адақтап жүргендерін көріп мен де таңғалам"-деп жазып жатыр желі оқырмандары.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий