"Бәрі сатты, жалғыз қалдым": Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің соңғы өлеңдерін жария етті

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің 2005 жылы жазған соңғы өлеңдерінен үзіндіні Instagram парақшасында жария етті.
Әнші желі парақшасында видео жариялап, онда қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің соңғы өлеңдерінен үзінді келтірген. Марқұм мемлекет қайраткерінің өлең жолдарын назарға ұсынамыз:
Мақпалға
Сенесің бе? Бір өзіңнен басқа жаннан бір жақсылық көрмеппін.
Дарын қонған асыл жанға еркіндікті бермеппін...
"Махаббат бар" - жетеді деп, қолды көп жыл сермеппін...
Мен жолыңды аша алмаппын, жібек жіппен кермеппі...
Дірілдеген әр әніңді моншақ жасап термеппін...
Элегия Бәрі сатты, жалғыз қалдым
Заңы солай аздықтың, Ізсіз жаудан өсті тікен,
У боп шықты қастықтың.
Байқамаппын қызғанышты,
Залымдықты ескермей,
Қанпезерлер бой көтерді —
"Жемісі" ғой жастықтың.
Қанпезерлер гүл жайнап жүр
"Жемісін" деп мастықтың,
Оқ қағары жалғыз мен ем,
Сонда неге асықтым?
Сол адамның тағын қорғап
Бекер төккен терлерім,
Бұршақ болып қайтып жатыр
Зәр бұлтынан пасықтың.
Жаба алмайсың абақтыңа,
Былғатпаймын денемді,
Жіберсең де шабуылға
Топ-топ болған кенеңді.
Ұстамдылық, бар төзімді
Тек жеңіске арнап ем,
Әлсіздік деп ойламаңдар,
Шейіт кетсем мен енді.
30.04.2005 ж.
Байқамаппын салмағын,
Өмір зілін, жалғанын.
Махаббат бар деп өзіңмен
От боп лаулап жанғанмын.
Жаным енді төзерсің,
Тағдыр басқа салғанын,
Жақсы басар жаманды
Алла айтар талғамын.
Жаратқан ием қолдаса,
Күшейтер саған қорғанын.
Жау жеңіліп, сен жеңіп
Үзерсің шынжыр торларын,
Әсем ән әлі құлпыртар
Жарық айдың толғанын.
Елің көрер ертең-ақ
Мерей сендей болғанын.
Сендерге қидым қайшымен
Ғұмырымның қалғанын.
Өнердің мәңгі алғасың,
Алла берсін жалғасын!
Әумин! 26.08.05
Кенет өлсем ақ денемді
Пышақ салып кеспеңдер!
Іште жатқан бар ізгілік
Босқа ұшпасын, теспеңдер!
Ақ жарқынды, ақ келбетті
Шешем тосып жатыр ғой!
Мені өсірген ару ана
Жанына алсын, Батыр ғой!
Соңғы жаңалықтар






been my favorite platform. The live odds updates make the experience
thrilling. Absolutely love it!