«Бәрін көрсетемін, келіңдер»: Депутат Базарбек қызметтік пәтерін «қойылым» дегендерге жауап берді

10.11.2025 12:51 Мөлдір Талғат
«Бәрін көрсетемін, келіңдер»: Депутат Базарбек қызметтік пәтерін «қойылым» дегендерге жауап берді
0
158
Видеодан кадр

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің жұбайы Адель Әділова Астанадағы қызметтік пәтерін көрсеткен видеосы арқылы желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ол Instagram парақшасында жариялаған бейнероликте күйеуімен бірге тұрып жатқан пәтерін көрсетіп, депутаттардың да қарапайым жағдайда өмір сүретінін дәлелдегісі келген. Алайда көпшілік бұл видеоны шынайы қабылдамай, оны «арнайы қойылым» деп бағалады. Желі қолданушылары пәтердегі жиһаз бен тұрмыстық жағдайдың тым ескі екенін айтып, бұл қоғам алдындағы имидждік қадам болуы мүмкін деген пікір білдірді.

Көпшіліктің сынына жауап ретінде Бақытжан Базарбек Orda.kz тілшісіне берген сұхбатында өздерінің тұрмыстық жағдайын жасырып отырған жоқ екенін және бәрін ашық көрсетуге дайын екенін айтты. Оның айтуынша, отбасы мемлекеттен берілген қарапайым қызметтік пәтерде тұрады және бұл видео тек шынайы өмірді көрсетуге бағытталған.

Бақытжан Базарбек Алматыда академқалашықтың айналасындағы құрылысқа қатысты жергілікті тұрғындармен кездесуге келген болатын. Orda.kz тілшісі келіншегінің жариялаған бейнежазбасына қатысты пікірін сұрады. 

«Иә, бұл видеоны әйелім өзі түсірді. “Нұрсаядағы” депутаттық үй көптеген жылдар бойы жаңартылмаған. Ішіндегі жиһаз ескі, шкафтар сынған, бәрі құлауға шақ тұр. Депутаттың үйіне мүлдем ұқсамайды. Әрине, жөндеуге ақша бөлінеді ғой? Ол ақшалар қайда кеткен? Сол себепті әйелім бәрін сол қалпында көрсетті. Видеоны көргендер сенбеді, депутаттар мұндай жерде тұрмайды әрі бұны өтірік деді. Онда журналистер келсін. Мен бәрін көрсетемін. Дені дұрыс бір де бір жиһаз жоқ. Біз ештеңе жасырмаймыз. Бұл кімге ұнайды?», — деді Базарбек.

Осылайша, журналистер депутаттың пәтеріне арнайы шақырту алды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий