Бас Мүфти балуан Ризабек Айтмұханға тіл-көзден сақтайтын дұға оқып берді

Бас Мүфти балуан Ризабек Айтмұханға тіл-көзден сақтайтын дұға оқып берді
11.12.2024 15:51
0
28
ҚМБД

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы еркін күрестен қазақ балуандары арасында тұңғыш әлем чемпионы атанған спортшы Ризабек Айтмұханмен кездесті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Спортшы мен Бас мүфти Астанада кездескен. Мүфтияттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Наурызбай қажы Тағанұлы спортшыға кітап сыйлап, батасын берген. Және де Бас мүфтидің айтуынша, Ризабек Айтмұхан таңдаған бағыт – асыл дініміз ерекше құптайтын спорт түрі. 

«Күрес – асыл дінімізде ерекше құпталған, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті саналатын әрі қазақтың қанына сіңген спорт. Бозкілемде жауырыныңызды жерге тигізбей, әлемдік додаларда еліміздің даңқын асырып келесіз. Алла Тағала жетістігіңізді ұзағынан етіп, өзіңізді жарақат атаулыдан, тіл-көз, қауіп-қатерден сақтағай. Жеңісті жолыңызды жалғап, келесі Олимпиадада чемпион атануыңызды тілеймін», - деді ҚМДБ Төрағасы.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан еркін күрестен ересектер арасындағы әлем чемпионы.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или