«Басы денесінен жұлынып кеткен»: Павлодарда шиномонтаж жұмысшысы көз жұмды

09.09.2026 08:34 Әсел МҰРАТ
«Басы денесінен жұлынып кеткен»: Павлодарда шиномонтаж жұмысшысы көз жұмды
365
Фото: istockphoto.com

Павлодарда шиномонтаж жұмысшысы жүк көлігіне дөңгелек орнату кезінде мерт болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Желіде тараған ақпарат бойынша шиномонтаж қызметкері жүк көлігінің дөңгелегін үрлеу кезінде шина жарылып, салдарынан жұмысшы ауыр жарақат алып, басы денесінен жұлынып кеткен.

Облыстық полиция департаменті жұмысшының көз жұмғанын растады.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, шақырту 7 қыркүйекте сағат 10:30-да түскен. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер жұмысшының өмірге қауіпті жарақат салдарынан қайтыс болғанын анықтады.

Жұмысшының қаза болу жағдайына қатысты Павлодар облысының полиция департаменті түсініктеме берді.

Полицияның алдын ала мәліметінше, ер адам жүк көлігіне дөңгелек орнатып жатқан кезде дөңгелек жарылған. Салдарынан қызметкер ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

«Еңбекті қорғау талаптарын бұзу дерегі бойынша полиция органдары қылмыстық іс қозғады», – деп мәлімдеді ведомство.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. 

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.
 

Войдите, чтобы оставить комментарий