Батыр Мұса: қылмыскерден пышақты тартып алып, кепілге алынған қызды құтқарған адам

Батыр Мұса: қылмыскерден пышақты тартып алып, кепілге алынған қызды құтқарған адам
07.03.2025 15:00
0
1370
t.me/ztb_qaz
Қауіпті сәтте ерлік көрсеткен Мұса

Алматы әуежайында 7 наурыз күні болған кепілге алу оқиғасында қылмыскерден пышақты тартып алып, қызметкерді құтқарған батырдың есімі – Мұса Әбдрайм. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оның ерлігіне жоғары баға беріп, мемлекеттік марапатқа ұсынуды тапсырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ ZTB арнасына сілтеме жасап.

Бүгінде көпшілікті осы ер азаматтың кім екені қызықтырып отыр. ZTB NEWS редакциясы батырмен байланысқа шықты.

Мұса – 52 жаста, бес баланың әкесі. Жастық шағында спортпен айналысқандықтан, мұндай жағдайларда үрейге бой алдырмайтынын айтады.

“Мен сол күні туыстарымды әуежайдан шығарып салуға келгенмін. Бір уақытта қыздың жан даусымен айғайлағанын естіп, бірден оқиға орнына жүгіріп бардым. Қарасам, бір ер адам оның шашынан тартып, пышақпен қорқытып тұр. Ол пышақты кез келген сәтте қолдануы мүмкін еді. Сол кезде мен оған: “Оны босат, орнына мені ал!” – дедім. Қылмыскер ойланбастан қызды босатып, мені ұстап алды”, – дейді Мұса.

Алайда Мұса қылмыскерге толық берілмей, уақытты ұтымды пайдаланып, оның қолындағы пышақты қолымен ұстап, өзіне тартып алған. Осы сәтте құқық қорғау қызметкерлері қылмыскерді тез арада залалсыздандырған.

Оқиғадан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев батыр азаматтың бұл әрекетін жоғары бағалап, оны мемлекеттік наградаға ұсыну туралы тапсырма берді.

Алматы полициясы бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдарын жалғастырып жатқанын хабарлады. Қылмыскердің нақты мақсаты, оның қылмысқа бару себебі және бұрын сотталған-сотталмағаны анықталуда.

Батырлық танытқан Мұсаның есімі қазақстандықтар есінде мәңгі сақталады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий