Баян Алагөзова Мақпал Жүнісоваға қатысты ойын айтты
2288
Продюсер Баян Алагөзова журналист Дана Нұржігітке берген сұхбатында осыдан 10 жыл бұрын Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова жайлы фильм түсіргісі келгенін, алайда әнші келісім бермегенін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
«Мақпал, сіздің өмір жолыңызды экранға түсіруге рұқсат беріңізші деп сұрадым. Он жыл бұрын еді. Қазір қолайлы уақыт емес екенін түсінемін, бірақ күндердің күнінде сізді экранға шығарғым келеді дедім. Ол маған «ештеңе керек емес. Ешкімге ештеңе бермеймін. Ешқандай мемуардың қажеті жоқ» деп жауап берді. «Мақпал, өтінемін, жай ғана редакторға бәрін айтып беріңіз. Сіз теңдесі жоқ әйелсіз, сіз оны білуіңіз керек. Мүмкін білетін де шығарсыз» деп қолқа салдым. Біз көзі тірі кезінде ұрсып, кемсітетін, ал егер оған бірдеңе болып жатса, «ол ұлы адам екен ғой, қандай жақсы адам еді» дейтін халықпыз. Сондықтан талантты көзі тірісінде бағалайық», - деп түйіндеді Алагөзова.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...
03.10.2026
12:20
Алматыда 270 ерекше бала оқитын мектеп жабыла м...