Баян Алагөзова қыздарын қалай "нағыз леди" етіп тәрбиелегенін айтты

Баян Алагөзова қыздарын қалай
11.06.2025 19:26
0
1127
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі жазылушыларымен қыздарын қалай тәрбиелегені жөнінде ой бөлісті. Музыкаға деген сүйіспеншілік дарытып, оларды нағыз леди етіп өсіргенін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Көп балалы ана атанған продюсер Instagram желісіндегі стористе ана ретінде өз тәжірибесімен бөлісті.

«Маған жиі қояр сұрақ – қалай мұндай балалар өсірдіңіз? 10 жыл бұрын неден бастау керек екенін, дәлірек айтсам, неден жалғастыру керектігін білген едім. Нәтижесінде осы жазбада көрсетілгеннің бәріне сай нағыз леди өсіп шықты», – деді Баян Мақсатқызы.

Ол сонымен бірге он жыл бұрын жарияланған жазбаға сілтеме қалдырып, онда кішкентай Айарудың рояльде ойнап отырған видеосын көрсетті.

«Балаларымның жетістіктерімен ең қатты мақтанамын! Ерте жастан бастап оларға ең жақсыны беруге тырыстым. Музыкамен байланыс – баланы тәртіпке, табандылық пен жігерге баулудың ең жақсы жолдарының бірі. Меніңше, болашақ нағыз леди музыкалық аспапта ойнап, әдемі би билей алуы, бірнеше тілді білуі керек. Біз осы бағытта баяу болса да, нық қадам басып келеміз», – деп жазды продюсер.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий