Баян Алагөзованың күйеуі қызметкерлерінің ата-анасына зейнетақы төлейтін болды
Белгілі кәсіпкер, «GALANZ bottlers» компаниясының жетекшісі Тұрсынғали Алагөзов корпоративтік жаңа жыл кешінде ерекше шешім қабылдағанын хабарлады. Ол компания қызметкерлерінің 65 жастан асқан ата-аналарына ай сайын 50 мың теңгеден зейнетақы төленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz
Алагөзов жыл қорытындысы барысында әріптестерін алдағы мерекемен құттықтап, компанияның жетістіктерін атап өтті. Кештің ең күтпеген сәті – қызметкерлердің ата-анасына бағытталған әлеуметтік қолдау туралы жаңалық болды.
«Әрбір ата-ана компания үшін құнды қызметкер тәрбиелеп өсіргені үшін ай сайын компания есебінен 50 мың теңге алады», – деді кәсіпкер.
Залдағылар бұл шешімді ұзақ қол шапалақпен қарсы алған. Компания басшысы мұндай бастама ұжымдық мәдениетті нығайтып, қызметкерлерге деген құрмет пен қолдаудың жаңа деңгейіне шығаратынын атап өтті.
Атагөзовтың бұл ұсынысы әлеуметтік желі қолданушылары арасында да қызу талқыланып жатыр.
Соңғы жаңалықтар