Бектенов: Отбасы банк халықтың осал санаттарын қолдауға басымдық беруі тиіс
Отбасы банк халықтың осал санаттарын қолдауға баса көңіл бөлуі тиіс: Олжас Бектенов қолжетімді коммерциялық ипотека көлемін арттыруды тапсырды.
Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысын дамыту және цифрландыру мәселелері бойынша бірқатар тапсырма берді.
Мемлекеттік бағдарламаларға жүктемені азайту мақсатында қолжетімді коммерциялық ипотеканы дамытып, көлемін ұлғайту қажет. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ұлттық банкпен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, екінші деңгейдегі банктердің коммерциялық ипотекасын және тұрғын үймен қамтамасыз ету құралдарын одан әрі жетілдіру бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеуі тиіс.Отбасы банк өз кезегінде халықтың осал санаттарын қолдауға баса көңіл бөлуі қажет, — деп атап өтті ҚР Премьер-министрі.
Құрылыс кодексі аясында нормативтік актілерді уақтылы жаңарту
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 1 шілдеге дейін нормативтік актілерді жаңартып, қабылдауды, сондай-ақ оларды іске асыру кезінде үздіксіз бақылап отыруды қамтамасыз етуі тиіс.
Қолжетімді бағамен отандық құрылыс материалдары: елімізде биыл 38 жаңа жоба іске қосылмақ
Үкімет отырысында Премьер-министр құрылыс көлемінің жыл сайын өсуіне байланысты құрылыс материалдарына да сұраныс артып отырғанын атап өтті.
Сондықтан тапшылық пен бағаның өсуіне жол бермеу, сондай-ақ отандық өндірісті қолдау мақсатында қажетті құрылыс материалдарын өндіру жобалары жүзеге асырылып жатыр.
Биыл елімізде осындай 38 жаңа жобаны іске қосу жоспарланған. Өнеркәсіп министрлігі «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, олардың уақтылы іске қосылуын қамтамасыз етуі тиіс, — деді Олжас Бектенов.
Жалпы бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді
Последние новости