Трамп Украинадағы соғыстың аяқталуы жақындағанын мәлімдеді

Трамп Украинадағы соғыстың аяқталуы жақындағанын мәлімдеді
Фото: whitehouse.gov

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғыстың аяқталуына бұрынғыдан да жақын қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақ үй басшысы жақында Ресей президенті Владимир Путинмен соғысты тоқтату мәселесін талқылағанын айтты.

«Жақында Владимир Путинмен оның Украинаға қарсы соғысын аяқтау туралы сөйлестім. Бұл туралы бұған дейін де айтқанмын. Меніңше, біз соғыстың аяқталуына жақындап келеміз. Тіпті қазір оған бұрын-соңды болмағандай жақын болуымыз мүмкін», деді Трамп.

Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Украина президенті Владимир Зеленскиймен Ослода, ал Ресей президенті Владимир Путинмен Санкт-Петербургте кездескен.

Осы кездесулерден кейін Уиткофф Ресей мен Украина арасындағы соғысты аяқтау мәселелері техникалық деңгейдегі үшжақты келіссөздер форматында талқылана беретінін хабарлады.

Бұған дейін Зеленский Ресеймен соғыс қимылдарын қазіргі майдан шебінде тоқтату мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтқан. Мұндай жағдайда Украина ел аумағының шамамен 75%-ын өз бақылауында сақтап қалады.

Сол күні Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков та «Украинадағы қақтығыс аяқталуға жақындап келеді» деп мәлімдеді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу