Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі енесімен түскен видеосын жариялады

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі енесімен түскен видеосын жариялады
Фото: sn.kz

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында енесімен бірге түскен бейнежазбасын жариялады, деп хабарлацды Politico.kz.

Онда ол әзілкештің анасының алдында билеп жүрген сәтін көрсеткен.

«Мама келіп, берекеміз артып жатыр. Қанша жасқа келсе де, ана үшін баласы – бала, бала үшін анасы – ана болып қалатыны анық», – деп жазды ол.

Алайда бұл видео желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Оқырмандар Айманның әрекетін ерсі көріп, түрлі сыни пікірлер қалдырды. Олар «Күлкілі ештеңе жоқ, өтірік күлкі», «Қандай жиркенішті күлкі!», «Анасының сенің күлкіңе қаны қайнап жатыр, отбасы бұзған адамды кім жақсы көрсін», «Анаң қуанып жатқан жоқ», «Амалсыздан отырған сияқты, көзінде мұң бар», «Еркекте ес жоқ екенін дәлелдедің», «Ай Тұрсынбек, есіңді жи» деп, анасының көңіл күйі жоқ екенін және видеоның жасанды көрінгенін жарыса жазды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу