Бектенов қазақ тілінде баяндама жасағаны үшін вице-министрді мақтады (ВИДЕО)
Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкиннің қазақ тілінде жасаған баяндамасына жоғары баға беріп, мақтады, деп хабарлайды POLITICO.
Коняшкин трибунаға көтерілген сәттен бастап көлік-транзит саласына цифрлық шешімдерді енгізу туралы баяндамасын толық қазақ тілінде оқып берді. Бұл Бектеновтің оң пікіріне ие болды.
«Қазақ тілінде жақсы баяндадыңыз. Дұрыс, үйрену керек», – деді Олжас Бектенов.
Айта кетейік, Ростислав Коняшкин – мемлекеттік тілде сөйлегені үшін үкімет басшысының мақтауына ие болған алғашқы шенеунік емес. Бұған дейін Бектенов Дмитрий Мунды да қазақ тілінде баяндама жасағаны үшін «сөзінде тұратын адам» деп атап өткен болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
09:37
110 мың теңге жалақы, үш жылдық мораторий: Үкім...
29.10.2026
09:26
Кентауда екі жастың өмірін қиған дәмхана жарылы...
29.10.2026
08:00
Астанада пәтерін босатуды талап еткен әйел таяқ...
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...