Белгілі блогердің анасы өмірден озды
Көпшілікке JustKing лақап атымен танымал блогер Нұрбек Нұртазаның отбасында орны толмас ауыр қайғы орын алды. Өнер иесінің аяулы анасы өмірден өтті, деп хабарлайды Politico.kz.
Суыт хабарды блогер әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазып, оқырмандарымен бөлісті. Ол өз жазбасында ата-ананың орны ерекше екенін айтып, қимастық сезімін білдірді.
«Соңғы бірнеше апта біздің отбасымыз үшін өміріміздегі ең ауыр кезеңдердің бірі болды. Біз соңына дейін үміттендік, дұға жасадық, ғажайыпқа сендік. Анам соңына дейін күресті. Анамда сирек кездесетін тұқым қуалайтын Вильсон ауруы болды. Бұл дерт бауырдың ауыр циррозына әкелді. Біз қолдан келгеннің бәрін жасап, әрбір үмітке жармастық. Бірақ Алланың жазғаны басқа екен, деп жазды блогер.
Ол қазір ең қиыны – енді ешқашан анамның дауысын естімейтінімді, оны құшақтай алмайтынымды түсіну екенін жеткізді.
Оның біздің жанымызда әлі талай жыл болғанын қаладым. Немерелерімнің қалай өсіп жатқанын көріп, бір күні олардың қуанышына ортақтасып, жанымызда күліп отырғанын армандадым. Бірақ өмірде бәрі біздің қалауымызбен бола бермейді. Шын жүректен бізге қолдау көрсеткен әрбір адамға алғыс айтқым келеді. Анам үшін дұға еткендерге, жылы сөз жазғандарға, қан тапсырғандарға, бізбен бірге уайымдап, бейжай қалмаған жандардың бәріне мың алғыс. Сіздердің қолдауларыңызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Біз оны күн сайын сезіндік, сол қолдау бізге күресуге күш берді" - деді блогер.
Соңғы жаңалықтар