Белгілі уағызшы әншінің емес, молданың ақшасын «санағандарға» ренжулі
Көпшілікке әлеуметтік желілердегі насихатымен танылған уағызшылардың бірі Жарқын Мырзатай TikTok-та өзінің өнер адамдарына өкпелі екенін білдірді, деп хабарлады politico.kz.
Жалпы, өнер жолында жүрген рэперлер, әртістер, сендерде осы қанағат деген нәрсе бар ма? Имамдардың жаназаға барып, ең көп алғаны 20, 30, 40... мейлі 50 мың шығар. Бірақ ол әкеңнің, анаңның, бауырыңның өзің оқи алмайтын жаназасын оқып береді. Имамды шақырмай-ақ, өзің оқып алуыңа болады. Бірақ сен өзің оқи алмағаннан кейін сол имамды шақырасың ғой. Оған берген тиын-тебеніңді неге есептеп тұрсың? - деді ә дегеннен іші базынаға толып қалған Жарқын Мырзатай.Осы орайда ол имам, молдалардың жұртқа мән-мағынасыз бірдеңе емес, «Құдайға бойұсыныңдар», «әйелдің әуретін жабыңдар» деп жақсы насихат айтып жүргенін алға тартты.
Жанашыр жігіттер, мешітке емес, сол өнер жұлдыздарына кетіп жатқан ақшаны есептеңіздерші! Олар тойға келіп, панарамамен (фонограмма дегені, - ред.) айтқан өтірік өлеңдеріне 500 мың, миллион... 5 мың долларлап алып жатыр ғой. Не ол? Бір қасиеті бар ма өлеңінің? Жолыңды аша ма? Жоқ, әлде олар насихат айтып, жақсылыққа шақырып жатыр ма? Неге осындайды айтпайсыздар, интернетке шығып, майда-шүйде әңгіме айтатын жігіттер? Неге мына өнер адамдарын жүйеге қоймайды? - деп бір түйді сөзін уағызшы.Одан кейін әңгіме ауаны тікелей әнші, асабалардың өзіне көшті.
Өлеңіңнің өзін сен емес, магнитофон айтып жатыр ғой. Неге молдаларға ұқсап, 10, 20, 30 мың теңге алмайсыңдар? Асабалар 400-500 мыңнан төмен сөйлемейді. Еу, молдалардың айтқанын айтпайды ғой олар! Молдалардың айтқаны «Құдайдан қорық» деген сөз ғой, - деп бір-ақ тоқтады Жарқын Мырзатай.Сондағы оның бар уәжі жұрт молда, мешіт туралы айтқанды жақсы көреді, мұсылманшылыққа тиіседі, ал «жынойнақ» туралы тіс жармайды дегенге саяды. Әнші, асабалардың жөні түзу ештеңе айтпай-ақ «күреп табатын» миллиондарынан гөрі, өз әріптестерінің уағыз айтып отырып қана алатын тиын-тебені жұрт аузында жүргеніне қапалы. Фото: Youtube.com
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
12.12.2024
13:19
Анас Баққожаев үйсіз жануарларға кастрация жаса...
12.12.2024
13:09
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералд...
12.12.2024
13:03
"Аңды да бұлай азаптамайды ғой": Роза Әлқожа ма...
12.12.2024
12:34
Ресейлік «Газпром энергохолдинг» Екібастұздағы ...
12.12.2024
12:16
"Ене жайсыз тұлғаға айналады". Мұхамеджан Тазаб...
12.12.2024
12:09
Алматы әуежайында тұрақ бағасы 1 қаңтардан баст...