Белгілі журналист Самал Ибраева «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
1559
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Ulysmedia.kz порталының бас редакторы Самал Ибраеваға мемлекеттік марапат табысталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл жаңалықты Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялады. Вице-премьер әрі министр Аида Балаева медиа-менеджерге «Ерен еңбегі үшін» медалін табыс етті. Ол баспасөздің қоғамдағы ашықтық пен демократияны дамытудағы орны ерекше екенін еске салды.
««Ерен еңбегі үшін» медалі қызметтің түрлі салаларындағы, соның ішінде мәдениет, ақпарат және қоғамдық өмір бағытындағы елеулі еңбегі мен жетістігі үшін табысталады», – делінген ресми хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, танымал журналист әрі қоғам белсендісі Самал Ибраева бұған дейін жылдың үздік медиа-менеджері атанған болатын. Сонымен қатар оның басқаруындағы ұжым ұлттық «Үркер» сыйлығын жеңіп алған еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
10.10.2026
12:19
Астанада ауа баптағыш орнату кезінде жұмысшы 50...
10.10.2026
11:41
Нұрасыл Медеу: KNUS базасында дайындалған спорт...
10.10.2026
11:32
Ел алдындағы жауапкершілікті сезінемін – Нұрасы...
10.10.2026
11:24
Тоқаев Қарулы күштердің Арнайы операциялар күшт...
10.10.2026
10:35
Бір дәрі үшін 16 жыл жаза: Грузияда қазақстанды...
09.10.2026
23:13
«Мұздай су толған ашық құдық»: Көкшетауда қаза ...