«Мен ондай кісіні танымаймын»: Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатов туралы сұраққа қысқа жауап берді

«Мен ондай кісіні танымаймын»: Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатов туралы сұраққа қысқа жауап берді
Фото: видеодан скриншот

Продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқанова тілшілердің Тұрсынбек Қабатовқа қатысты қойған сұрағына күтпеген жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Журналистер өнер иесінен ән айтуына не түрткі болғанын және бұл шешіміне Тұрсынбек Қабатовтың қандай ықпалы барын сұраған. Алайда Мөлдір Мұқанова: «Мен ондай кісіні танымаймын», — деп бір ауыз сөзбен қысқа қайырды.

Сонымен қатар ол ешкімге ештеңе дәлелдеуді көздемейтінін, сахнаға шығуы өз жүрек қалауы екенін атап өтті. Оның айтуынша, бастапқыда туындыларының кең таралып, хитке айналарын ойламаған.

Алдағы шығармашылық жоспарларымен бөліскен өнер иесі жаңа әндер жазумен қатар, кино саласында да бақ сынап көруге ниетті екенін жеткізді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу