"Мәселе бойда емес": Мәдина Сәдуақасова модель ретінде подиумға шығатынын мәлімдеді
47 жастағы қазақстандық танымал әнші Мәдина Сәдуақасова жаңа суреттерін жариялап, алдағы уақытта модель ретінде подиумға шығатынын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Әлеуметтік желіде жарқын әрі ерекше образымен бөліскен өнер иесі бұл қадамға бойының аласалығына қарамастан, өзіне деген сенімділіктің арқасында барып отырғанын жеткізді:
«Бойым 159 см болса да, бәрібір Мәдинаны подиумнан көресіздер! Мәселе мүлдем бойда емес, өзіңе деген сенімділікте. Ал маған сәттілік тілейтін жандардың өзін-өзі бағалауы менікімен бірдей жоғары болсын деп тілеймін!», — деп жазды әнші.
Өнер иесінің жаңа фотоларын Балжан Бидаш, Жұлдыз Әбдікәрімова, Мөлдір Мұқанова сынды өнердегі әріптестері мен желі қолданушылары жоғары бағалады.
Оқырмандар әншінің келбетіне тәнті болып, «Италиялық актриса Софи Лорен екен деп қалдым», «Хема Малини секілдісің», «Соңғы кездері Мәдина Сәдуақасованың стилі ерекше өзгерді», «Керемет образ» деп жылы лебіздерін жаудырды.
Соңғы жаңалықтар