Берденовті атқан адамның әкесі өз ойымен бөлісті
2804
Ернар Жиенбайдың әкесі Жиенбай Пралиев өз отбасының атынан Руслан Берденовке қолдау білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ ELITAR.KZ Telegram арнасына сілтеме жасап.
Ата-ана ретінде бұл жағдай біз үшін үлкен соққы болды. Ұлымыз Ернар осындай іске барды дегенге әлі күнге дейін сене алмай отырмыз. Болған жағдайға қатты өкінеміз. Қандай жағдай болмасын, шын жүректен, бүкіл отбасымызбен Руслан Берденовтің тезірек сауығып кетуін тілейміз, – делінген мәлімдемеде.
Ернар Жиенбайдың әкесі тергеу мен сот әділ түрде істің барлық мән-жайын анықтайтынына сенім білдірді.
Ең бастысы келінімізді бұл жағдайға араластырмауларыңызды өтінеміз. Оның бұл оқиғаға ешқандай қатысы жоқ. Ол Руслан Берденовты ешқашан көрмеген, танысы да емес, — деді Жиембай Пралиев.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...