Бейтаныс ер адам қыздың үйіне кіріп, аяусыз өлтіріп кеткен

Бейтаныс ер адам қыздың үйіне кіріп, аяусыз өлтіріп кеткен
15.04.2025 10:03
0
114
alash.kz

Ош қаласында орын алған қайғылы оқиға қоғам назарын аударды, деп хабарлайды POLITICO.KZ alash.kz сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстанның оңтүстігіндегі қалада 1987 жылы туған әйел өз үйінде тұншықтырылып өлтірілген. Қайғылы жағдай 14 сәуір күні «Ак-Тилек» шағынауданында болған. Бұл туралы Ош қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады. Оқиға орнына жедел тергеу тобы мен полиция басшылығы жетіп, алғашқы тексеру жұмыстары барысында әйелдің қасақана тұншықтырылып өлтірілгені анықталған.

Тергеу барысында алынған мәліметтерге сәйкес, күдікті ұрлық мақсатында жәбірленушінің үйіне кіріп, оны тұншықтырып өлтіргеннен кейін марқұмның көлігін айдап кеткен. Айта кетерлігі, күдікті бұрын осы үйде жалға тұрып келген. Бұл жайт тергеу барысында белгілі болып отыр. Қазіргі уақытта қылмысқа күдікті ретінде 2006 жылы туған, Жапалак ауылының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий