«Бір күні әйелді босандырып жүрмесін»: Бекболат Тілеухан Алматыға келіп, сәбиді қырқынан шығарды
Психолог, 7 баланың анасы Нұргүл Даубаева сүт кенжесінің қырқынан шығару рәсімін экс-депутат Бекболат Тілеухан мен оның әйеліне жасатқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алланың бұйыртқаны, Алматыда Асанәлінің қырық күнге толған маңызды күнінде кіндік әке-кіндік анасы Бекболат ағамыз бен Кенже әпкем қарын шашын, тырнағын алып, бір үлкен іс атқарды», - деп жазды Даубаева.Бекболат Тілеуханның өзі сәбидің шашын қиып, тырнағын алған. Алайда бұл әрекетті оқырмандар түсінбейтінін жазған.
«О заман да, бұ заман, еркек қырқынан шығарғанды бірінші рет көріп тұрмын. Еркек, ер адам қырқынан шығармайды ғой. Күннен-күнге неше түрліні шығарады. Бекболат жұмыс ауыстырған ба, бір күні әйелдерді босандырып жүрсе, таңғалмаймын. Салтты бекер бұрмаладың. Кіндік атасы дегені несі, неше түрліні шығарады. Қошеметке лайықты адам тапқан екенсіңдер», - деп жазды олар.Кейін Тілеухан сәбидің атын азан шақырып, «Асанәлі» деп қойып береді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
06.11.2026
00:31
«Ауылыңа кет»: Алматыда қазақша жазғаны үшін жұ...
05.11.2026
23:16
Дастан Сәтбаевқа қатысты «Бернли» бапкері жағым...
05.11.2026
22:21
Ақтауда тұрғындар жылусыз қалды: Ашынған жұрт ж...
05.11.2026
21:33
Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен мұғалім жұ...
05.11.2026
20:31
«Кезексіз кіргізіп беремін»: Баласын балабақшағ...
05.11.2026
19:48
ҰҚК «Еңбек» кәсіпорнының басшыларын ұстады – БАҚ