«Бір өліп, бір тірілдім»: Аша Матай депутаттыққа түскен кезіндегі ауыр күндерін еске алды
Әнші әрі танымал тележүргізуші Аша Матай Мәжіліс депутаттығына кандидат болған шағындағы қоғам тарапынан айтылған өткір сындарды қалай өткергенін ашық айтып берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесінің саяси додаға араласуы кезінде, әсіресе журналистердің заң жобаларына қатысты қойған сұрақтарына берген жауабы желіде қызу талқыланып, үлкен дау тудырған болатын. Тележүргізуші бұл сынақтың өзіне оңай соқпағанын, психологиялық тұрғыдан қатты күйзелгенін жасырмады.
«Ұйықтай алмай, тамақ іше алмай қалған кездерім болды. Менің жүрегім нәзік, өнер адамымын ғой. Жылаған күндер де болды. Бәрі артта қалды. Бір өліп, бір тірілгендей күй кештім», – деп ағынан жарылды ол.
Айта кетейік, саяси дода нәтижесі бойынша Қазақстан Халық партиясы бар болғаны 3,11 пайыз дауыс жинап, Парламентке өтуге қажетті 5 пайыздық шекті межені еңсере алмаған еді. Соның салдарынан өнер иесі де депутаттық мандаттан тыс қалды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...
30.10.2026
18:18
Ақтөбеде мектеп оқушысын зорлаған 22 жастағы ер...