"Бір тиын да сұраған жоқпын": Интим видеосы тарап кеткен Хан тамада мобилографтан ақша сұрамағанын айтты

28.04.2026 11:39 Арман Ермеков
387
Хан тамада мобилографтан ақша талап етпегенін жеткізді. Коллаж Politico.kz

Ақтауда желіге интимді видеосы тарап кетіп дауға қалған "Хан тамада" 16 жастағы мобилографтың отбасынан 8 млн теңге талап етті деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Politico.kz.

«Хан тамада» деген лақап атпен танымал асаба Қасым Өтешов өзінің инстаграм парақшасында оқырмандардың сауалдарына жауап беріп, бұл жағдайдың әйеліне өте ауыр тиіп жатқанын жеткізді. Ол күдікті тараппен мүлдем байланысқа шықпағанын айтты.

«Мен бір тиын да сұраған жоқпын. Ол жақпен сөйлеспейміз. Барлығын сот шешеді. Әйелімнің абыройы тұрған жерде ешқандай миллион да, миллиард та мәселені шеше алмайды. Осы тақырыпта хайп қуған блогерлер мен тиктокерлерге сенбеңіздер», - деді ол.

Еске сала кетейік, Ақтауда танымал асабаның интим видеосы желіге тарап кеткеннен кейін бұл іске қатысы бар деген күдікпен 16 жастағы жасөспірім ұсталып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалған еді.

Кейіннен күдікті баланың анасы ұлына жала жабылып отырғанын және асабаның істі жабу үшін 8 млн теңге мен көпшілік алдында кешірім сұрауды талап еткенін мәлімдеген. Белгілі заңгердің айтуынша мұндай қылмыс жасаған адам 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий