Бір жыл бұрын жоғалған жас келіншек әлі табылмай жатыр
Алматы облысы Қарасай ауданында былтыр жазда үйінен шығып кетіп, содан бері хабарсыз кеткен Жайна Аманклышованы еріктілер мен жақындары әлі іздеп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
1993 жылы туған Жайна Аманклышова 2025 жылдың 8 маусымында таңғы сағат 06.00 шамасында Қаскелен қаласындағы үйінен шығып кеткен. Ол Қарасай ауданындағы 30-орам, «Жаңақұрылыс» аймағындағы мекенжайынан белгісіз бағытқа аттанып, содан қайтып оралмаған.
Жоғалған азаматшаның бойы 175–178 сантиметр, дене бітімі арықша келген, шашы қара әрі ұзын бұйра. Сол күні үстіне қара футболка мен ақ шалбар киіп, өзімен бірге телефоны мен заттары салынған пакетті алып шыққан.
Бұл туралы «LIDER.KZ» еріктілері хабарлап, іздеу жұмыстарының бір жылдан бері тоқтаусыз жүріп жатқанын жеткізді. Олар осы уақыт ішінде түскен барлық ақпаратты тексергенімен, әзірге ешқандай нәтиже болмай тұр. Еріктілер жұртшылықтан Жайнаға ұқсайтын адамдарды көрсе немесе қандай да бір дерек білсе, тез арада хабарласуды өтінеді.
Соңғы жаңалықтар