«Біраз қиналдым»: Роза Әлқожа денсаулығы сыр бергенін айтты

«Біраз қиналдым»: Роза Әлқожа денсаулығы сыр бергенін айтты
06.03.2025 16:22
0
78
Фото: instagram.com/roza_alqozha

Танымал әнші Роза Әлқожа аяғын сындырып алғалы аяқ киім кию қиындап кеткенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің сөзінше, сол сынықтың зардабы әлі күнге дейін сезіледі екен. 

Былтыр ақпан айының ортасында аяғымды қайырып алып ем ғой?! Сонда тобығым жарылып, қызыл асық тайып кеткен еді. Содан бері аяқ киім табу қиын. Өзгеріске ұшырағаны бар, ауа райына байланысты биік өкшемен жүре алмай қалатыным бар, біраз қиналдым. Соның шешімі табылды. Арнайы аяқкиім тігетін жерді тауып, қуанып қайттым. Енді қолдан тігілген етік киетін болдым. Ұлттық құндылығымызға ішіміздің жылып тұратыны жасырын емес, деп жазды өнер иесі. 

Бұған дейін әншінің 40 күн гипске таңылып қалғаны белгілі болған.

Үш апта бойы көтерсем де, төмен түсірсем де, қақсаған аяғым гипстың ішінде әбден қиналыпты. Алдыңғы күні травматологқа барып «жиырма күн болды ғой, шешіп көрейік» десем, «тобық теп-тегіс боп, ісіп, көгеріп тұр. Түк өзгеріс жоқ, кальций іштіңіз бе өзі?!» дейді дәрігер. Көңіл күйім түсіп кетті. Тағы 40 күнге жаңа гипс салып берді. Ештеңеге зауқым болмай үйде жаттым, деген еді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий