Қостанай облысында 5 жасар баланың өлімі тергеліп жатыр
Қостанай облысының Әулиекөл ауданында бес жастағы бала қаза тапты. Оқиғаға қатысты күдікті ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Politico.kz.
Прокуратура мәліметінше, 2026 жылғы 26 қазанда Құсмұрын кентінде тұратын 5 жастағы бала басы мен денесінен алған көптеген жарақат салдарынан қайтыс болған.
Әулиекөл аудандық полиция бөлімі оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Сол күні күдікті ұсталып, оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі «Кәмелетке толмаған адамды өлтіру» бойынша сараланған.
Сот күдіктіні қамауға алуға санкция берді. Қазір тергеу жүріп жатыр, оның барысын облыстық прокуратура бақылауға алған.
Қостанай облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Несібелі Бәсенованың айтуынша, қаза тапқан бала балабақшаға барған. Ол 2026 жылдың наурызынан бастап әкесімен бірге тұрған. Бұған дейін әжесінің қолында тәрбиеленген.
Оның мәліметінше, баланың анасы ата-ана құқығынан айырылған. Ал 2025 жылғы 28 наурыздағы сот шешімі бойынша бала әкесімен бірге тұруға тиіс болған.
Алайда әжесі немересін әкесіне бермеген. Кейін әкесі жалдаған адвокаттың араласуынан соң бала әкесінің қолына көшкен.
Бала тәрбиеленген отбасы көпбалалы болған. Отбасының тиісті мемлекеттік органдардың есебінде тұрған-тұрмағаны қазір анықталып жатыр.
Соңғы жаңалықтар