Биылғы ақпанда көпбалалы отбасылар 39 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 574,5 мың отбасы жалпы сомасы 77,1 млрд теңге мөлшерінде қамтылды. Оның ішінде ақпан айында 577,3 мың отбасыға 39 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді.
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:
- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артқанын атап өтеміз.
Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
06.11.2026
00:31
«Ауылыңа кет»: Алматыда қазақша жазғаны үшін жұ...
05.11.2026
23:16
Дастан Сәтбаевқа қатысты «Бернли» бапкері жағым...
05.11.2026
22:21
Ақтауда тұрғындар жылусыз қалды: Ашынған жұрт ж...
05.11.2026
21:33
Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен мұғалім жұ...
05.11.2026
20:31
«Кезексіз кіргізіп беремін»: Баласын балабақшағ...
05.11.2026
19:48
ҰҚК «Еңбек» кәсіпорнының басшыларын ұстады – БАҚ