Биылғы апат кезінде әскерилер елмен бірге ауқымды жұмыстың алдыңғы шебінен табылды — Олжас Бектенов
295
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Қазақстан халқын Отан қорғаушы күнімен құттықтады.
Оның айтуынша, биылғы алапат табиғи апат кезінде әскери қызметшілер де елмен бірге ауқымды жұмыстардың алдыңғы шебінен табылған. Бұл орайда сарбаздарымыз бен сардарларымыздың қажырлы еңбектері шексіз құрметке лайық.«Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қашанда қайсарлық пен асқақ рухтың жарқын үлгісін көрсетіп келе жатқан айбынды армиямыз — еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығының мызғымас кепілі. Мемлекет басшысы — Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей қолдауымен бүгінде Қарулы Күштеріміздің әскери әлеуетін жаңғыртуға, кәсіби деңгейін сапалы дамытуға ерекше назар аударылып келеді. Біз Отан алдындағы қасиетті борышына адалдық танытқан қаһармандарымызды ұдайы мақтан тұтамыз» дейді Олжас Бектенов мерекелік лебізінде.
«Әркез абырой биігінен көрініңіздер. Осынау мерейлі күні Қарулы Күштеріміздің ардагерлеріне, ел тыныштығын қорғап жүрген әскери қызметшілердің барлығына мықты денсаулық, шаңырақтарына бақ-береке тілеймін. Егемен еліміздің еңсесі биік, іргесі берік болсын!» дейді Үкімет басшысы.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...