Блогер Фариза Төреәлі барлық арманы орындалғанын айтты

Танымал блогер Фариза Төреәлі бала күнінде армандаған сәттерінің шындыққа айналғанын айтып, әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Желі жұлдызы бала кезінде шетелде таңғы ас ішуді армандағанын есіне алды. Бала күнімдегі бір сәт жадымда жаңғырды. Ағам, мен және сіңлім – үшеуміз де армандап, болашақты елестеткенді ерекше ұнататынбыз. Әсіресе ағам. Шамамен мен жеті жаста едім. Байқоңырда тұрамыз. Шай үстінде жиі әңгімелесіп, жақсы әңгімелер айтатынбыз. Сол бір сәтте ағам: «Алла қаласа, үлкен қалаға көшеміз. Ондай күн туады, сонда бәріміз таңертең тұрып, «Кеттік таңғы асты Парижде ішеміз, ал кешкі ас басқа елде болсын» деп кете салатын боламыз», - дегені әлі күнге дейін есімде. Ол кезде ондай мүмкіндіктер жоқ еді. Бірақ сол сөздері кішкентай мен үшін жүректе сақталған ерекше бір естелікке айналды. Тіпті сол сәтті елестетіп, миыма сіңіріп алғандай болдым, деп жазды блогер.
Сондай-ақ ол армандаудың шексіз екенін, шектеулер адам миында ғана болатынын айтты.
Қазір ойласам, ағамның бала күнінен-ақ миында шектеу болмаған екен. Тек өзі армандап қоймай, бізге де армандауды үйретіпті. «Мүмкін емес» деген ұғымды ойламаған. Ойына ерік беріп, қиялын шектемеген. Кішкентай Фариза сол кезде жаңа өмірді елестетіп, миына жаңа нейрондар енгізе бастаған шығар. Сол армандаған өмірдің мүмкін екеніне сендім. Адам үшін нық сенім – ең маңызды нәрсе, деп түйіндеді ол жазбасын.
Соңғы жаңалықтар





