Блогер президентпен құшақтасқан суреті үшін айыппұл арқалады

29.12.2025 13:07 Арман Ермеков Арман Ермеков
Блогер президентпен құшақтасқан суреті үшін айыппұл арқалады
0
619
Фото: бейнеден кадр

Жасанды интеллект арқылы президентпен сурет жасаған блогер жазаланды, деп хабарлайды Politico.kz

Бішкек шаһарында Қырғыз Республикасы басшысы Садыр Жапаровпен жалған фотосурет жасаған Акума есімді блогерке қатысты сот үкімі шықты. Бойжеткен заманауи технологияны қолданамын деп әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр.

Оқиғаның егжей-тегжейін адвокат Шердор Әбдіқапаров Threads платформасындағы парақшасында баяндады. Қорғаушының сөзінше ғаламтор кеңістігінде қыздың ел президентімен қатар тұрған суреттері лезде тарап кеткен. Алайда көпшіліктің назарын аударған бұл бейнелер шын мәнінде жасанды интеллект көмегімен құрастырылғаны белгілі болды.

Көп ұзамай аталған жарияланымды Бішкек қалалық ішкі істер бас басқармасы бақылауға алып тексеру жұмыстарын жүргізді. Жедел шаралар барысында тәртіп сақшылары блогерді тауып оны Октябрь аудандық сотына жеткізген. Сот отырысының қорытындысы бойынша құқық бұзушыға 5500 сом көлемінде айыппұл салынды. Бұл қаражат біздің ұлттық валютаға шаққанда 32 мың теңгеден асады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий