Блогер Қанат Әлімбаев 10 жылға сотталды
Қостанай облысының Арқалық қаласында жергілікті билікті сынап танылған «Арайлы Арқалық» YouTube арнасының авторы Қанат Әлімбаев әйелдерге жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Tobolinfo.kz.
Биыл сәуір айында құқық қорғау органдары арқалықтық блогердің үстінен бірқатар қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген болатын. Тергеу деректері бойынша ер адам қарызға ақша алған әйелдерден төсек қатынасына түсуді талап етіп, бас тартқан жағдайда оларға күш қолданып қорлаған.
Мамыр айында Арқалық қалалық соты атышулы іс бойынша үкім шығарып, Қанат Әлімбаевты бірнеше бап бойынша кінәлі деп таныды. Оған Қылмыстық кодекстің «зорлау», «жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу» және «жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттеріне» қатысты айыптар тағылған.
Түрме жазасы кесілген айыпталушы үкіммен келіспейтінін білдіргендіктен оның адвокаты қазірдің өзінде апелляциялық шағым түсіріп үлгерді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.10.2026
17:20
Ақтөбе облысында жұмыс кезінде күйік алған темі...
24.10.2026
16:15
Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш ә...
24.10.2026
15:28
Рөлде келе жатқанда ұстамасы ұстаған: Алматыда ...
24.10.2026
14:38
Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз үш күнне...
24.10.2026
14:11
Атырау тергеу изоляторында жаппай наразылық бол...
24.10.2026
11:34
Атырауда департамент басшысы өлі күйінде табылды